ММА жауынгері Қуат Хамитов волейболшы Сабина Алтынбековаға ұсыныс жасады

ММА жауынгері Қуат Хамитов волейболшы Сабина Алтынбековаға ұсыныс жасады
09.10.2025 10:10
0
103
әлеуметтік желі

Қазақстандық ММА жауынгері Қуат Хамитов желі қолданушыларының ұсынысын қолдап, волейболшы Сабина Алтынбековаға өз фильмінде ойнауды ұсынды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Куат Хамитов Instagram парақшасында 2026 жылдың көктемінде өзінің алғашқы фильмін түсіретінін жариялады. Ол сценарийді өзі жазып, актерлерді жеке таңдайтынын және жобаның қаржылық жағын толықтай өз мойнына алатынын атап өтті.

«Иә, бұл рас: келесі жылы көктемде мен алғашқы фильмімді түсіремін. Сценарийді өзім жаздым, актерлерді өзім таңдап жатырмын, қаржыландыруды да өзім қамтамасыз етемін. Бұл мен үшін жай ғана дебют емес – қазақ кинематографиясына жаңа серпін бергім келеді. Қыздар, егер мен сіздерге жазсам, демек сіздерді фильмге рөлге шақырып отырмын», – деп жазды спортшы.

Желі қолданушылары жоба жайлы пікірталасқа белсене қатысты. Солардың бірі Хамитовқа фильмге волейболшы Сабина Алтынбекованы шақыруды ұсынған. Бұл ұсынысқа спортшының өзі:

«Тамаша идея! Не дейсің?» – деп жауап беріп, спортшы қызды белгілеген.

Қазіргі уақытта Сабина Алтынбекова ұсынысқа қатысты әзірге ешқандай пікір білдірмеді.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий