Мөлдір Әуелбекова: Ажырасқан әкелер балаларына қарамайды
Әнші Мөлдір Әуелбекова Threads желісіндегі парақшасында оқырмандарына сауал жолдап, қоғамдағы бір түйткілді мәселені айтты, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Ол кей ер адамдардың ажырасқаннан кейін балаларына көңіл бөлмей кетуін сынға алды.
«Ер азаматтарға сұрақ: неге біздің қоғамда көп ерлер әйелімен ажыраса сала, балаларынан да алыстап кетеді? Іздеп, жағдайын сұрамау, әкелік жауапкершілікті сезінбеу неліктен? Бағу туралы айтпай-ақ қояйын…» – деп жазды ол.
Әуелбекова пікір білдірген оқырмандарына алғыс айта отырып, реніш білдірген ерлердің де аз еместігін жасырмады.
«Есеймеген, ренжулі ерлер көп екен. Соған қарамастан, нақты сұраққа эмоциясыз, байсалды жауап берген азаматтар да бар екен. Рақмет!» – деді әнші.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
28.10.2026
22:18
6 жылға сотталған: Путиннен Қазақстанға әскер к...
28.10.2026
22:15
«Біз КСРО-да өмір сүріп жатқан жоқпыз»: Сабина ...
28.10.2026
21:12
Испаниядағы пойыз апатынан қаза тапқандар саны ...
28.10.2026
20:14
Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды
28.10.2026
20:11
«Тоқаев уақытпен жарысып жатыр»: саясаттанушы П...
28.10.2026
19:49
Қайрат Мақсұтов «Самұрық-Энерго» басқарма төрағ...