Мөлдір Әуелбековаға қатысты тағы бір шу шықты: Бұл жолы полиция араласты (ВИДЕО)

01.08.2026 15:54 Қарақат АСЫЛОВА
Мөлдір Әуелбековаға қатысты тағы бір шу шықты: Бұл жолы полиция араласты (ВИДЕО)
390
Фото-Коллаж: Politico.kz

Әлеуметтік желіде жарияланған видеодан кейін полиция жол қозғалысы ережесін бұзған жүргізушіні әкімшілік жауапкершілікке тартты, деп хабарлайды Politico.kz.

Видеода әнші Мөлдір Әуелбекова да көлікте жолаушы ретінде болған. Тексеру барысында 38 жастағы жүргізушінің көлікті қауіпсіздік белдігін тақпай басқарғаны және қозғалыс кезінде ұялы телефон пайдаланғаны анықталды. Сондай-ақ көліктегі жолаушылардың да қауіпсіздік белдігін тақпағаны белгілі болды.

Патрульдік полиция қызметкерлері жүргізушінің жеке басын анықтап, оған қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес әкімшілік хаттамалар толтырды. Қауіпсіздік белдігін тақпаған жолаушылар да әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Полиция жол қозғалысына қатысушыларды қауіпсіздік белдігін тағуға, көлік жүргізу кезінде телефон қолданбауға және жол ережелерін қатаң сақтауға шақырды.

Айта кетейік, осы оқиғаға байланысты әнші Мөлдір Әуелбекова әзірге ресми түрде ешқандай түсініктеме берген жоқ.

Войдите, чтобы оставить комментарий