Мөлдір Мұқанның киносын аямай сынаған Бақыт Тұрман жұрт алдында ақталды (ВИДЕО)

23.11.2025 10:45 Әсел Мұрат
Мөлдір Мұқанның киносын аямай сынаған Бақыт Тұрман жұрт алдында ақталды (ВИДЕО)
0
190
Фото: коллаж sn.kz

Бақыт Тұрман Мөлдір Мұқанованың киносына қатысты пікіріне жауап берді, деп хабарлайды Politico.kz.

Танымал әзілкеш Қайрат Әділгерейдің әйелі, белгілі сыншы және өнертанушы Бақыт Тұрман соңғы уақытта Мөлдір Мұқанованың жаңа фильміне қатысты ойын ашық жеткізген болатын.

Оның бұл пікірі көпшілікке жақпай қалған еді. Алайда Бақыт Тұрман енді ел алдына шығып, жағдайды түсіндірді. Ол өзінің пікірінде ешқандай реніш жоқ екенін айтты.

«Қыздар, бәрі жақсы. Мөлдір ханымның өзі де «Ол рас, осындай кемшіліктер болды» деп жазды. Мен әрдайым шын пікірімді айтамын, сондықтан ешқандай реніш туындамайды деп сенемін. Болды, бәрі орнына қойылды», – деді Бақыт Тұрман тіпті Мөлдірдің атынан жауап бере отырып.

Алайда бұл сөздер желі қолданушыларын бей-жай қалдырған жоқ. 

«Қайраттың киносы да нашар ғой, оны неге айтпайсың?», «Мүмкін Тұрсынбекке жағу үшін айтты, себебі оның театрында жұмыс істейді ғой», «Бұл Тұрсекеңнің тапсырысы емес пе?» деп жазды желі қолданушылары. 
 

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий