Мөлдір Мұқанова мен Қайрат Нұртас дуэт жазбақ

Танымал продюсер әрі өнер иесі Мөлдір Мұқанова жеке шығармашылығына қайта бет бұрып, әнші Қайрат Нұртаспен дуэт жазатынын мәлімдеді. Бұл жаңалықты ол Instagram желісіндегі парақшасында бөлісті, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
"Иә, сенбей тұрмын. Өмірде түрлі рөлдерде болдым: ана, жар, кәсіпкер… Өнерімді бөлісетін шақ туды. Сондықтан сіздердің қолдауларыңыз мен үшін қымбат", – деп жазған Мөлдір желідегі оқырмандарына Қайратпен бірігіп айтатын әні туралы пікір білдіруді сұрады.
Мөлдір Мұқанова жаңа дуэт қандай жанрда болуы керектігі жөнінде де жұрттың ойын білгісі келді: "Махаббат па? Әлде өмір туралы ма? Жүректен шыққан әнді жүрекпен қабылдаңыздар. Күтесіздер ме?"
Желідегі тыңдармандар мен жанкүйерлер бұл жаңалықты жылы қабылдап, түрлі пікір қалдыруда. Көпшілік қос өнер иесінің дауыстары үйлесім тауып, болашақ дуэттің хит боларына сенім білдіруде.
Айта кетейік, бұл — Мөлдір Мұқанованың жеке шығармашылығы аясындағы алғашқы үлкен қадамы болмақ.
Соңғы жаңалықтар





