Мөлдір Мұқанова жауапқа тартылды
2702
Қазақстанда әлеуметтік желі жұлдыздары заңсыз лотереялар өткізгені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды POLITICO.KZ
Мәліметке сәйкес, Мөлдір Мұқанова (аккаунт Moldir.mt, 2,3 млн жазылушы) 2025 жылғы қазанда 589 800 теңге (150 АЕК) көлемінде айыппұл төледі. Ол ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 445-1-бабының 6-бөлігі бойынша жазаланған.
Мұқановадан бұрын, 2025 жылғы сәуірде Дархан Жолшыбек (3,1 млн жазылушы) дәл осындай заңбұзушылық үшін 393 200 теңге (100 АЕК) айыппұл арқалаған.
Сонымен қатар, жауапқа тартылғандардың қатарында:
- Рамазан Амантай (актер, 788 мың жазылушы, “Мафия”, “Заманback”, “Бизнес по-казахски” фильмдерінің актері) — 393 200 теңге;
- Мереке Калбаева (merekusha.k, 1,3 млн жазылушы) — 589 800 теңге;
- Нурбек Нуртаза (justking31) — 1 179 600 теңге;
- Алия Байтугаева (super.mamasita, 7 млн жазылушы) — 825 720 теңге;
- Амина Нуртаза (aminaxo26, 7 млн жазылушы) — 825 720 теңге;
- Кайсар Камза (qais_arr, 2,4 млн жазылушы) — 1 179 600 теңге;
- Алмасбек Батыр (almasbek_batyr, 1,8 млн жазылушы) — 589 800 теңге.
Министрлік мәліметінше, жыл басынан бері 90-ға жуық азамат заңсыз лотерея өткізгені үшін әкімшілік жазаға тартылып, жалпы сомасы 40 миллион теңгеден астам айыппұл өндірілген.
Соңғы жаңалықтар
31.07.2026
00:35
Марқұм фельдшер Ұлдананың анасы күйеу баласының...
30.07.2026
23:13
КҚК-ға жасалған шабуылдан кейін Энергетика мини...
30.07.2026
22:00
Маңғыстауда көпбалалы отбасы жантүршігерлік жол...
30.07.2026
21:34
«Туды атқа жабу ретінде пайдаланды». Адвокат бл...
30.07.2026
21:15
Продюсер: Бұрын қыздар тобы бай "ағашкалар" үші...
30.07.2026
20:59
Өскемен әкімінің үстінен сотқа арыз түсті