«Мошенники» фильмі үлкен экранға жол тартты

01.04.2026 18:55 Арман Ермеков
«Мошенники» фильмі үлкен экранға жол тартты
40

Алаяқтарының құрбаны болған салымшылардың қаражатын жылыстатудың жаңа схемасы туралы баяндайтын «Мошенники» сериалының толықметражды фильмі жарыққа шықты, деп хабарлайды Politico.kz.

2026 жылдың 1 сәуірінде еліміздің барлық кинотеатрларында көпшілікке танымал «Мошенники» сериалының жалғасы ретінде түсірілген жаңа көркем фильмнің тұсаукесері өтеді.

Кинотуынды желісі бойынша бұған дейін ұсталмай келген қылмыскер Дамир алғаш рет өзімен деңгейлес Марат есімді қауіпті қарсыласпен бетпе-бет келіп, өз үйінде тұтқынға түскеннен кейін алданған салымшылардың миллиардтаған долларын жылыстататын банк құру туралы криминалдық мансабындағы ең ауқымды алаяқтық схемасының құпиясымен бөліседі.

Картинаны өндірумен Salem Entertainment медиакомпаниясы, Start стриминг-платформасы және Bas Production студиясы айналысса, режиссерлік қызметті Олжас Нұрбай атқарған.

Жобаның авторы, сценарисі әрі продюсері Рүстем Омаров басты рөлді өзі сомдайды, ал оның түсірілім алаңындағы серіктестері ретінде қазақстандық кино актерлері Ержан Түсіпов, Бөпеш Жандаев, Дмитрий Багрянцев және Ұлбосын Шалқарова бой көрсетеді.

Бұған дейін аталған сериалдың бірінші және екінші маусымы YouTube желісінде 60 миллионнан астам қаралым жинаған, сондай-ақ Start платформасындағы екінші маусымның премьерасы алғашқы аптаның өзінде 4,5 миллионнан астам көрермен назарына ілінген болатын.

«Біздің команданың алдында екі маңызды міндет тұрды, біріншіден бұл көрермендерді қазіргі уақыттың ең өзекті мәселелерінің бірі саналатын киберқылмыс туралы ақпараттандыруға бағытталған әлеуметтік жоба болғандықтан сериалдың екі маусымы атқарған тапсырманы осы фильм одан әрі жалғастырады. Екінші міндет сериалдағы оқиғалардан бейхабар көрерменге де түсінікті әрі қызықты болатын сапалы кино жасау болды, яғни біздің туынды көп сериялы жобаның жалғасы болғанымен, ол өзінің толыққанды аяқталған тарихы бар жеке шығарма болып есептеледі», – деді жобаның продюсері әрі басты рөлді сомдаушы Рүстем Омаров.

Жобаның бас продюсерлері қатарында Рүстем Омаров, Игорь Цай, Қуат Садықов, Ақылбек Досжанов, Саида Игенбек, Алексей Троцюк, Орынбасар Құдайбергенов және Тимур Смағұлов бар. Фильмнің идеясы мен сценарийін Рүстем Омаров пен Илхан Исхакбаев жазып шықса, қоюшы-оператор міндетін Азамат Жаңабеков атқарған. Түсірілім тобында атқарушы продюсер Гүлжайна Ғарифоллина, креативті продюсерлер Илхан Исхакбаев пен Карим Кадырбаев, картина директоры Айдос Мәліков, BAS pro директоры Сәуле Күлтемірова, екінші режиссер Малика Маратқызы және скрипт супервайзер Жандос Әбілқасымов еңбек етті.

Сонымен қатар екінші оператор Аян Базылбек, көркемдік жетекші Әсел Ұлжебаева, қоюшы-суретші Жұлдыз Дулатова, кастинг-директор Гүлнұр Жарқымбекқызы, киім суретшісі Джами Омарова және грим суретшісі Ольга Югай өз үлестерін қосты.

Музыкалық сүйемелдеуді композитор Назарбек Оразбеков жазды, ал дыбыс режиссері Құрманғазы Қалиев пен дыбыс операторы Алдияр Мұсатаев дыбыс сапасына жауап берді. Локация менеджерлері Әсет Асан мен Дмитрий Гайдуков, монтаж режиссері Тимур Дулатов, монтаж инженерлері Еркін Сағындықов пен Алматбек Амангелді, колорист Данияр Мусин және визуалды эффектілер маманы Ермек Закария да осы үлкен команданың құрамында жұмыс істеді.

Salem entertainment тарапынан бас директор Игорь Цай, өндіріс бөлімінің басшысы Ольга Кандалинская, маркетинг және PR департаментінің директоры Кира Амбросимова басшылық жасады. Олармен бірге цифрлық директор Ксения Куценко, цифрлық продюсер Ақылбек Ахметов, цифрлық аналитик Александр Шеган, SMM-мамандар Ердана Қуанбек пен Аяжан Рақышова, іс-шара менеджері Әдемі Тілеутай, коммерциялық директор Ануар Ақуов, бренд-менеджер Карим Кадырбаев, статистика және аналитика бөлімінің басшысы Александр Шеган, дизайн және графика бөлімінің басшысы Фариза Әсет, моушн дизайнерлер Дария Искакова мен Асфандияр Аханов жобаны ілгерілетуге атсалысты. Картинаның бас ақпараттық серіктесі ретінде НТК телеарнасы таңдалды.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий