«Мойындаймын»: Мәжіліс депутатының тоқалдан туған баласы бар ма (ВИДЕО)

05.11.2025 12:05 Әсел Мұрат
«Мойындаймын»: Мәжіліс депутатының тоқалдан туған баласы бар ма (ВИДЕО)
0
183

Желіде Мәжіліс депутаты Темір Қырықбаев пен Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Нұрайым Шақимергеннің махаббаты туралы видео тарап, қызу талқылануда, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Бүгін мәжіліс кулуарында журналистер депутаттан «Нұрайым Шақимерген сіздің тоқалыңыз ба?» деп сұрады. Мәжілісмен онымен жеке таныстығын жасырмады. Бірақ сұраққа нақты жауап бермеді. 

«Ол мәселе – менің жеке өмірім. Жеке өмірім болғандықтан, отбасылық құндылықты сақтау үшін мен ол туралы ары қарай айта алмаймын», - деп қысқа қайырды Қырықбаев.

Алайда депутат балаға қатысты сұрақты жауап беріп, оның өз ұлы екенін мойындады.

«Ал бала бойынша мен оны менің балам емес деп мен еш жерде айтпағанмын. Оны жасырмаймын. Алланың алдында да жасырмаймын. Адам алдында да жасырмаймын», - деді депутат.

Ол сондай-ақ «мәслихаттағы орнымды сол кісіге тастап кетті» деген қауесет адамның басына сиятын нәрсе емес деді. Айтуынша, мәслихат депутатын халық сайлаған.

Айта кетейік, әлеуметтік желіде тараған видеода қос депутаттың құшақтасқан, кішкентай баламен отырған сәттері бар. Негізі Instagram-ға фотоларды 25 жастағы мәслихатшы сұлудың өзі жүктеп, кейін көшірген. QYSQASOZ арнасының жазуынша, Қырықбаев Мәслихаттағы бұрынғы орнына нақсүйерін тастап кеткен.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий