Мүгедек жандар жайлы қатты айтқан шенеунікке депутат наразылық білдірді

01.12.2025 12:57 Әсел Мұрат
Мүгедек жандар жайлы қатты айтқан шенеунікке депутат наразылық білдірді
0
57
Фото: ашық дереккөз. Суретте: Динара Наумова

Respublica партиясының мүшесі Мәжіліс депутаты Динара Наумова әлеуметтік желіде тараған мүгедектік туралы қорлау сипатты пікірге қатты наразылық білдірді, деп хабарлайды Politico.kz.

«Мүгедектерді сыйлаңыз, оларды Алла жазалады…» деген мазмұндағы жазбаға жауап берген Наумова: «Менде бір ғана сұрақ бар: сіз шынымен осылай ойлайсыз ба?» - деген сұрақ қойды.

Депутаттың айтуынша, мұндай пікірлер ерекше қажеттілігі бар адамдар мен олардың отбасылары күн сайын бастан өткеретін шынайы күресті мүлде түсінбеуден туындайды. 

«Әр кішкентай алға басқан қадамның артында - орасан еңбек тұрған ұзақ жол», — дейді ол.

Наумова алғаш рет өзінің диагнозына байланысты ата-анасынан бөлек тәрбиеленгенін, қиын кезеңдерді жалғыз еңсергенін ашық айтты. Сол өмірлік тәжірибе оны ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған орталықтар ашуға итермелеген. Үш жыл бойы оның командасы мұндай балалардың физикалық және психоэмоционалдық дамуына қолдау көрсететін кеңістік қалыптастырып келеді.

«Бұл — ешкімді қаралау емес, қоғамды ойландыруға шақыру. Сөз — қолдаудың да, күйретудің де құралы. Қай жолды таңдау — әрқайсымыздың қолымызда», — деп қорытындылады депутат.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий