«Мүлде жараспайды»: Ақбота-Нұрдың жаңа клипі желіде қызу талқыға түсті

29.01.2026 15:10 Айсұлу Мұрат Айсұлу Мұрат
«Мүлде жараспайды»: Ақбота-Нұрдың жаңа клипі желіде қызу талқыға түсті
52
Фото: видеодан скриншот

Әнші Ақбота-Нұр «Биле былай» атты жаңа әніне түсірілген бейнебаянын көпшілік назарына ұсынып, әлеуметтік желіде кеңінен талқыланып жатыр, деп хабарлайды Politico.kz

Көрермендердің бір бөлігі клиптегі сахналық образ бен би қимылдарын әнші Айгерім Қалаубаеваның бұрынғы жобаларымен салыстырып, белгілі бір ұқсастықтарды байқаған. Олардың айтуынша, бейнебаяндағы стиль мен қозғалыстар таныс элементтерді еске салады.

Желі қолданушылары жаңа туындыға қатысты түрлі пікір білдірді. Бірі әншінің сыртқы келбеті мен би мәнерін сынға алса, енді бірі Ақбота-Нұрды қолдап, оның табиғи сұлулығын ерекше атап өтті.

Пікірлер арасында:

«Жараспай қалған сияқты», «Биге икемі аздау, Айгерім кәсіби биші ғой», «Керісінше, өте әдемі, табиғи келбеті бар», «Шаш үлгісі тым көлемді, стилистер сәтсіз таңдаған», «Би өзіне келеді, жалғастыра берсін», «Бәрі билеп жүргенде, оған неге болмайды?» деген жазбалар жиі кездесті.

Сондай-ақ кейбір қолданушылар Айгерім Қалаубаеваны үлгі етіп, оның сахнадағы мәдениеті мен би шеберлігін жоғары бағалады.

«Айгерім Қалаубаева образ бен қозғалысты үйлестіре білетін кәсіби биші. Одан үйренудің еш әбестігі жоқ», – деп пікір қалдырды желі қолданушыларының бірі.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий