Мұрат Әбенов жаңа қызметке кірісті

14.01.2026 17:40 Әсел Мұрат Әсел Мұрат
Мұрат Әбенов жаңа қызметке кірісті
0
629
Фото: әлеуметтік желіден. Суретте: Жұлдыз Сүлейменова, Мұрат Әбенов

Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов әлеуметтік желідегі парақшасында жауапты қоғамдық қызметке кіріскенін айтты, деп хабарлайды Politico.kz.

Ол Оқу-ағарту министрлігі жанындағы оқу-ағарту және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңестің төрағасы болып сайланған. Айтуынша, күні кеше қоғамдық кеңестің жаңа құрамының алғашқы отырысы өтті. 

«Маған бұл сала жақын. Педагог отбасынанмын. Әкем Қызылордада 42 жыл мұғалім, Жамбыл атындағы мектепте директор болды. Өз мамандығым – педагог, математик-информатик. Қызметімді Қызылорда қаласында информатика пәнінің мұғалімнен бастап, қалалық білім беру бөлімінің ( ГорОНО ) инспекторы, мектеп-лицей директорының оқу - тәрбие бойынша орынбасарына дейін сатылап атқардым. Кейін білім беру саласындағы қызметімді Астанада Білім және ғылым вице- министрі болып жалғастырдым. Ы. Алтынсарин атындағы Академияда, «Өрлеу» АҚ-да жұмыс тәжіриебем бар», - деп жазды ол.

Әбенов жастарды еліміздің оңтүстігінен солтүстік өңірлеріне оқу гранттары арқылы «жұмсақ» миграциялауды жүзеге асыратын өзінің бастамасымен қолға алынған «Серпін» жобасына да тоқталып өтті. Биыл 12 жыл болады, 50 мың бала осы жоба аясында грантпен оқуға түсті.

Депутат бұл ретте министрге алғысын айтты.

«Министр Жұлдыз Сүлейменованың бастамаларын қолдау мақсатында Кеңес мүшесі болуға шешім қабылдадым. Жұлдыз Досбергенқызына ерекше құрметпен қараймын. Ол - қарапайым отбасынан, өз еңбегімен, өңірден шыққан азамат, мықты маман, мұғалімнен министрге дейін өз адал еңбегімен жеткен. Мені Қоғамдық кеңес төрағалығына бірауыздан сайлаған кеңес мүшелеріне алғысымды айтамын. Артылған сенімді ақтауға барынша тырысамын», - деп сөзін түйіндеді Әбенов.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий