«МузАРТ» премьерасында күтпеген жомарттық: Сәкен Майғазиев көрерменді тәнті етті

24.12.2025 09:55 Айсұлу Мұрат Айсұлу Мұрат
«МузАРТ» премьерасында күтпеген жомарттық: Сәкен Майғазиев көрерменді тәнті етті
0
65
Коллаж: Politico.kz

Түркістанда  өткен «МузАРТ» музыкалық драмасының екі күндік премьерасы аншлагпен өтіп, көрерменге ұмытылмас әсер сыйлады. Спектакльден кейін залда ерекше бір жылы атмосфера орнап, өнер иелерінің сахнадағы шынайы ойыны көпшіліктің жоғары бағасына ие болды, деп хабарлайды Politico.kz

Қойылым соңында әнші, «МузАРТ» тобының мүшесі Сәкен Майғазиев көпшілік күтпеген қадамға барып, сахнадағы әріптесіне костьюм мен қымбат сағатын сыйға тартты. Бұл тосынсый көрермендер арасында үлкен ықылас тудырып, әлеуметтік желіде кеңінен талқыланды.

Желі қолданушылары өнер иесінің жомарттығына ризашылық білдіріп, түрлі пікір қалдырды.


«Сәкен ақкөңіл жігіт, мінезі ашық. Балаларды қолдап, рух берді. Өнердегі ағалар осылай мәрттігін көрсету керек»,
«Мәртебеңіз биік болсын! Нағыз сыйлық – есте қалар сыйлық», «Қазағымның жігіттері мәрт қой, осындай азаматтарымыз аман болсын» деген жылы лебіздер жиі кездеседі.

Дегенмен кейбір оқырмандар бұл жомарт қадамды тек Сәкенмен ғана байланыстырмау керегін де атап өтті. Олар:


«Ең бірінші сағаты мен костьюмді Мейрамбек берген», «Мейрамбек бастап берді, Сәкен соны жалғастырды», «Неге тек Сәкенді ғана айтып жатыр?» деп пікір білдірді.

Қалай болғанда да, «МузАРТ» премьерасы тек музыкалық драма ретінде ғана емес, сахна сыртындағы адамгершілік пен мәрттіктің жарқын көрінісімен де есте қалды. Бұл кеш өнердің тек ән мен сахнадан ғана тұрмайтынын, оның артында үлкен жүрек пен кең пейіл жатқанын тағы бір мәрте дәлелдеді.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий