«Мына би түсімізге кіретін болды ғой»: Айгерім Қалаубаева хит биін қайта жандандырды

05.12.2025 11:29 Айсұлу Мұрат
«Мына би түсімізге кіретін болды ғой»: Айгерім Қалаубаева хит биін қайта жандандырды
0
50
Фото: TikTok жеке парақшасынан

Жаңа жыл қарсаңында әнші Айгерім Қалаубаева TikTok-та рекордтық қаралым жинаған атақты биін қайта орындап, әлеуметтік желіні тағы да шулатты. Бұрынғыдан да көңілді, энергиясы тасыған видеосы желі қолданушылары арасында қызу талқыға түсті, деп хабарлайды POLITICO.KZ

Әншінің ерекше қылығы мен өзіне тән мимикасы жұртты бірден екіге бөлді. Бірі оның әр әрекетін сүйсіне қабылдап жатса, енді бірі тоқтаусыз билей беруі шаршатқанын да жасырмады.

Пікірлер арасында:

«Кім қойшы болды, бір биің хит болып еді»«Көзі қалай-қалай боп кеткен?»«Ертең көзімнің астын осылай бояп жұмысқа барам, комиссия да келіп қалар»«Көздің үстін емес, астын бояйтын заман келді ме?»«Болды енді, қоймайтын болдың ғой» деген сынды әзіл-қалжың аралас реакциялар көптеп жазылды.

Дегенмен, Айгерімнің жанкүйерлері оның шынайылығы мен позитивіне тәнті екенін айтып, әншіге қолдау білдіріп жатыр. Қалаубаеваның өзі де «тоқтамаймын» деп әзіл-қалжыңмен жауап қатып, желідегі оқырмандарын тағы да күлдірді. Хитке айналған биінің екінші тынысы ашылғандай, әншінің видеосы қазірдің өзінде қайтадан трендке еніп үлгерді.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий