«Мына көрпемен түнде бастырыласың ғой»: Айжұлдыздың күйеуінен жұртты күлдірген тосын сый
Танымал әнші Жанар Айжанованың күйеу баласы бұл жолы да креатив қылығымен көпшіліктің назарын аударды. Ол өз суреті бейнеленген ерекше көрпе жасатып, ұйықтап жатқан жары Айжұлдыздың үстіне жауып қойған деп хабарлайды Politico.kz
Желіде тараған видеода күйеуінің бұл тосын сыйына бейқам ұйықтап жатқан Айжұлдыздың өзі әзірге ештеңеден хабарсыз. Ал видеоны көрген оқырмандар әзіл-қалжыңға толы пікір қалдырып, күліп жатыр.
Желі қолданушылары:
«Мына көрпемен түнде бастырыласың ғой»,
«Қорқынышты екен»,
«Түнде қалай көрінеді екен?»,
«Түнде көрпе түгілі адамды көрмейсің ғой»,
«Шошып тұрасың мына көрпеден»
деп жазды.
Көпшілік бұл әрекетті әзілге толы, отбасылық қарым-қатынастағы жылылықтың көрінісі ретінде қабылдаған. Кейбірі мұндай ерекше сыйлықты батылдық пен креативтің белгісі десе, енді бірі әзілдің шегінен шыққанын да айтып қалды.
Қалай десек те, Айжұлдыздың күйеуі кезекті рет желі жұртын күлдіріп, талқыға түскені анық
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
29.10.2026
12:31
«Борат» фильмі үшін Саша Барон Коэн қазақтардан...
29.10.2026
12:15
Асханадан саунаға дейін: «Қазақмыс» жұмысшыларғ...
29.10.2026
11:58
Дана Медеуова «Қазақстан балалары» депутаттық т...
29.10.2026
11:54
«Күліп жүргеннің бәрі бақытты емес»: Ердос Қана...
29.10.2026
11:23
12 жылға сотталған ҰҚК подполковнигінің үкімі ж...
29.10.2026
11:20
Жәрдемақыны енді бәріне бірдей бермейді: отбасы...