Мыңдаған украиндықтар Зеленскийдің жаңа заңына қарсы митингке шықты

Мыңдаған украиндықтар Зеленскийдің жаңа заңына қарсы митингке шықты
24.07.2025 09:02
0
618
Сурет: Getty Images

Мыңдаған украиндықтар Зеленскийдің жаңа заңына қарсы митингке шықты

Мыңдаған украин азаматтары ел президенті Владимир Зеленскийдің жаңа заңының күшіне енуіне қарсы көшеге шықты. Даулы құжатқа сәйкес, Украинадағы басты антикоррупциялық органдар - Ұлттық антикоррупциялық бюро (НАБУ) мен Мамандандырылған антикоррупциялық прокуратура (САП) енді Бас прокуратураға бағынышты болады.

Бұл заңға Зеленский 22 шілде күні қол қойған. Жоғарғы Раданың ресми сайтында ақпарат алғаш жарияланып, артынан түсініксіз себептермен жоғалып кеткен. Дегенмен, сол түнде "Голос Украины" ресми басылымы заң мәтінін жариялап, құжаттың 23 шілдеден бастап күшіне енгенін растады. Құжатты 263 депутат қолдаған.

Аталған өзгеріс Украина қоғамында үлкен резонанс тудырды. Себебі НАБУ мен САП билік ішіндегі жемқорлықты әшкерелейтін басты құрылымдар болатын. Енді бұл мекемелердің дербестігі жойылып, Бас прокуратураның бақылауына өтеді. "Суспільне" басылымы бұл қадамды биліктің антикоррупциялық бақылауды әлсіретуі деп бағалады.

Жаңа заңға қарсы наразылық акциялары ел астанасы Киевтен бастап, Львов, Днепр, Одесса, Тернополь, Сумы және тағы 13 қалада өтті. Киевтегі Франко театры алдында 1,2-2 мыңға жуық адам жиналды. Халық заңның күшін жоюды талап етуде.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий