"Нанға ақшасы жоқ, Меккеге менің ақшама барды": Дариға Бадықова күйеуінің қандай адам екенін айтты

09.10.2025 10:30
0
134
Видеодан кадр

Танымал актриса Дариға Бадықова күйеуі, актер Дархан Мұсаев туралы ашық сұхбат беріп, бұрын айтылмаған жайттарды жария етті, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Өнер иесі отбасылық өмірінде кездескен қиындықтарды жасырмай айтып, жұбайының қаржы табуға қабілетсіз екенін ашық мойындады.

“Жер үйді салған кезде ақша жоқ болды. Қақпасы жоқ үйден кіріп-шығуға ұялатынмын. Бұйырғаны болады ғой, Құдай береді дейтін. Сөйтсем, ‘Құдайы – мен’ екенмін. Иә, жерді алды, бірақ үйді менің ақшама салдық. Сол үйді кейін мен беріп кеттім. Ал осы уақытқа дейін неге ол кісінің газын, жарығын мен төлеуім керек?! Театрда жүреді, бірақ ‘маған рөл бермейді’ деп отырады. Бермесе кетпейсің бе енді деп айттым. Қолындағысын лақтырып, қирата салады”, – деді актриса.

Бадықова сондай-ақ жұбайының “мен басқа біреуі бар деп сездім” деген сөзіне қатысты да пікір білдірді.

“Мен ‘Таптым-ау сені’ киносын түсірмей жатып үйден кетіп қалған адаммын. Егер мен көзіне шөп салған әйел болсам, ол менен көк тиын да алмайтын еді. Дүкенге барып нан ала ғой десең, ақша берші дейді. Нанға да ақшасы жоқ. Аузына Алланы алып, ‘құрбан’ болмай-ақ қойсын. Меккеге жолдама алып берші деп, менің ақшаммен екі рет қажылыққа барып келді”, – деді ол.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий