Наркозда жатқан әйелдерді зорлаған анестезиологтың арсыз әрекеті күллі жұртты шошытты

Наркозда жатқан әйелдерді зорлаған анестезиологтың арсыз әрекеті күллі жұртты шошытты
23.06.2025 16:20
0
235
Фото: freepik.com

Бразилияда сот Джованни Квинтеллу Безерра есімді бұрынғы анестезиологты  наркоздағы пациент әйелдерді зорлағаны үшін 30 жылға бас бостандығынан айырды. Бұл туралы жергілікті Cofen басылымы хабарлады, деп хабарлайды POLITICO.KZ Alash.kz ұлттық порталына сілтеме жасап. 

2022 жылдың шілдесінде аурухана қызметкерлері дәрігердің әрекеттерінен күдіктеніп, оны жасырын түрде видеоға түсірген. Бейнежазбада ес-түссіз жатқан әйелге дәрігердің жыныстық зорлық әрекеттерін жасап жатқаны анық көрінеді. Полицияның мәліметінше, Безерра науқастарға әдейі шамадан тыс мөлшерде тыныштандыратын дәрі-дәрмектер енгізген.

Бейнежазба жарияланғаннан кейін ол бірден қамауға алынды. Тергеу сол күні оның тағы бір пациентке жыныстық зорлық көрсеткенін дәлелдеді. Сот Безерраны әрбір жәбірленушіге 50 мың бразилиялық реал көлемінде өтемақы төлеуге міндеттеді.

Ресми айыптау ісінде алты жәбірленуші бар, алайда тергеушілер олардың саны бұдан да көп болуы мүмкін деп есептейді. 2023 жылы Безерра медициналық лицензиясынан өмір бойына айырылды.  Барлық дәлелдерге қарамастан, ол өз кінәсін мойындаған жоқ.

Бұл іс Бразилияда медициналық этика мен қылмыстық қудалау саласындағы ең үлкен резонанс тудырған оқиғалардың біріне айналды.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий