«Нәтиже болмаса, қоштасамыз»: Бектенов «Kazakh Tourism» басшысына ескерту жасады
1842
Премьер-министр Олжас Бектенов «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясының жаңа басшысына ескерту жасады, деп хабарлайды Politico.kz.
Бүгін Үкімет отырысында «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясының жаңадан тағайындалған төрағасы Талғат Ғазизов елдегі туризмді дамыту бойынша есеп берді.
Ал баяндамадан кейін премьер-министр оған ескерту жасады.
«Талғат Жанатұлы, сіз осы қызметке жаңадан келіп отырсыз. Бірақ оған қарамастан, өзіңізден нақты нәтиже күтеміз. Нәтиже болса, ары қарай жұмыс істей бересіз. Нәтиже болмаса, қоштасамыз» - деді Бектенов.
Айта кетейік, Талғат Ғазизов «Kazakh Tourism» компаниясын 2026 жылдың қаңтар айынан бастап басқарып келеді. Бұған дейін ол «Қазпошта» АҚ-да басқарушы директор қызметін атқарған. «Kazakh Tourism» туризм саласына инвестиция тартумен, маркетингпен және Қазақстан имиджін шетелде ілгерілетумен айналысады.
Соңғы жаңалықтар
30.07.2026
00:00
Досымен бәстескен ер адам Аргентина құрамасы же...
29.07.2026
23:22
«Сотқа беремін»: Мейірман Шекеев Аша Матайға ес...
29.07.2026
22:42
Қазақстан мен АҚШ КҚК мәселесін талқылады
29.07.2026
21:52
Тарихта алғаш рет! Қазақстандық семсерлесушілер...
29.07.2026
21:46
Тоқаев Астанада «Болашақ ойындарын» ашып, Қазақ...
29.07.2026
21:14
Түркістан тауларында қайғылы жағдай: Бір адам қ...