«Наурыз бойдақ болды»: Сұлтан Сәрсемәлиев сотта бұрынғы қайын ағасымен не үшін жанжалдасқанын айтты

12.06.2026 09:45 Мөлдір ҚАЙНАР
«Наурыз бойдақ болды»: Сұлтан Сәрсемәлиев сотта бұрынғы қайын ағасымен не үшін жанжалдасқанын айтты
446
Фото: коллаж politico.kz

Атырауда төрт адамның өліміне қатысты сот процесі жалғасып жатыр. Кезекті отырыста айыпталушы Сұлтан Сәрсемәлиевтің тергеу кезінде берген жауабы көрсетілді, деп хабарлайды Politico.kz.

Бейнежазбада Сәрсемәлиев бұрынғы қайын ағасы Наурыз Мұқанғалиевпен арадағы жанжалдың қалай басталғанын баяндаған.

Оның сөзінше, екеуінің арасында әңгіме Наурыздың жеке өміріне қатысты өрбіген.

«Наурыз бойдақ. Оның үстіне психикасы қалыпты емес, ашушаң. Жасы 30-дан асты, үйленуі керек қой», – деген Сәрсемәлиев.

Айыпталушының айтуынша, оқиғадан кейін біраз уақыт аулада отырып қалған. Кейін үйге қайта кіргенде Наурыздың еденде жатқанын көргенін айтқан.

Сондай-ақ Сәрсемәлиев сол сәтте Наурыздың аман қалуы мүмкін деп ойлағанын, полиция шақыруды да ойлағанын жеткізді. Алайда отбасы мен бес баласын ойлап, не істерін білмей қалғанын мәлімдеді.

Бұдан бөлек, сотта Мейрамгүлдің қазасына қатысты да сұрақтар қойылды. Айыпталушының сөзінше, Мейрамгүл ата-анасы көз жұмғаннан кейін Жангелдин ауылынан Ақбаянға көмектесу үшін келген.

Войдите, чтобы оставить комментарий