Назарбаев Құрылтай сайлауына үйден дауыс берді

Назарбаев Құрылтай сайлауына үйден дауыс берді
Фото: ҚР Тұңғыш президентінің ресми сайтынан

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Мәжіліс орнына жаңадан құрылатын Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысып, өз таңдауын жасады, деп хабарлайды Politico.kz.

Назарбаев дауыс беру рәсімін денсаулығына байланысты үйінде өткізген. Тұңғыш президенттің ресми сайтында оның жақында омыртқасына ота жасатқандықтан, сайлау учаскесіне бара алмай, дауысын үйде бергені айтылды.

Осылайша Нұрсұлтан Назарбаев Конституциялық құқықтарын пайдаланып, Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысты.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу