Құрылтай сайлауында сағат 14:00-де 6,69 млн адам дауыс берді
Қазақстанда Құрылтай депутаттарын сайлау кезінде сағат 14.00-дегі жағдай бойынша 6 696 002 сайлаушы бюллетень алды. Бұл сайлаушылар тізіміне енгізілген азаматтардың 53,12%-ын құрады, деп хабарлайды Politico.kz.
Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, сайлаушылардың ең жоғары белсенділігі Қызылорда облысында тіркелді. Мұнда дауыс беруге қатысу көрсеткіші 64,22% болды.
Абай облысында сайлаушылардың 63,07%-ы, Жетісу облысында 62,89%-ы, Қарағанды облысында 62,79%-ы дауыс берді. Ақмола облысында бұл көрсеткіш 61,15%, Шығыс Қазақстан облысында 61,10%, Ақтөбе облысында 60,87% болды.
Солтүстік Қазақстан облысында сайлаушылардың 58,63%-ы дауыс берсе, Түркістан облысында 57,72%, Қостанай облысында 55,86%, Шымкент қаласында 55,32% көрсеткіші тіркелді.
Алматы облысында дауыс беруге қатысу 54,57%, Атырау облысында 54,49%, Павлодар облысында 54,01%, Ұлытау облысында 53,31% болды.
Маңғыстау облысында сайлаушылардың 50,65%-ы, Жамбыл облысында 50,58%-ы, Батыс Қазақстан облысында 50,21%-ы дауыс берді.
Астанада бұл көрсеткіш 40,92% болса, Алматы қаласында 30,36%-ды құрады.
Сонымен қатар азаматтардың уақытша болу орындарындағы 305 сайлау учаскесінде дауыс беру аяқталды.
Сайлаушылардың дауыс беруге қатысуы туралы келесі ақпарат сағат 16.00-де жарияланады.
Соңғы жаңалықтар