Назарбаев тағы бір президенттен құттықтау алды
Беларусь президенті Александр Лукашенко 86 жасқа толған Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевты туған күнімен құттықтады. Бұл туралы Беларусь басшысының ресми сайтынан белгілі болды, деп хабарлайды Politico.kz.
"«Қазіргі Қазақстан тарихында Сіздің есіміңіз лайықты түрде ерекше орын алады. Сіздің стратегиялық көрегендігіңіздің, саяси даналығыңыз бен көпжылдық жасампаз еңбегіңіздің арқасында ел дамуының және оның алға қарай тұрақты ілгерілеуінің берік негізі қаланды», – делінген құттықтауда.
Мемлекет басшысы Беларусьте Нұрсұлтан Назарбаевтың екі ел арасындағы достық, стратегиялық серіктестік пен одақтастық қарым-қатынастарды нығайтуға қосқан зор жеке үлесін жоғары бағалайтынын атап өтті. «Сіздің тікелей қатысуыңызбен қалыптасқан сенім мен сындарлы ынтымақтастық дәстүрлері Беларусь пен Қазақстанның өзара іс-қимылының сенімді іргетасы қызметін атқаруды жалғастыруда», – деп атап өтті Президент.
Александр Лукашенко Нұрсұлтан Назарбаевқа мықты денсаулық, бақ-береке және туған-туыстары мен жақындарының ортасында ұзақ ғұмыр тіледі", — делінген Беларусь президентінің құттықтауында.
Айта кетсек, бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев та Тұңғыш президентті туған күнімен құттықтаған болатын. Нұрсұлтан Назарбаев 1940 жылғы 6 шілдеде Алматы облысы, Қарасай ауданындағы Шамалған ауылында дүниеге келген.
Соңғы жаңалықтар