Назарбаев Вашингтондағы лоббистерге миллиондаған қаржы жұмсаған
Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев Вашингтондағы лоббистерге миллиондаған қаржы төлеген,-деп хабарлайды politico.kz
Бұл туралы 2011-2014 жылдары Өзбекстандағы АҚШ елшісі қызметін атқарған Джордж Кролдың Қазақстан мен Өзбекстанның тұңғыш президенттері туралы жазған естеліктерінде айталған. Естелікте мұнай мен табиғи ресурстары Қазақстанды қысқа уақытта Америка Құрама Штаттарының Орталық Азиядағы таңдаулы серіктесі ретінде алдыңғы қатарға шығарғаны айтылған.“Назарбаев АҚШ-қа қалағанының көп бөлігін берді. Әсіресе, олар елдің орасан зор мұнай байлығына қол жеткізді. Бірақ президент әрқашан өзінің билігіне қауіп төндіретін немесе солтүстік пен шығыстағы ірі көршілерімен қарым-қатынасын бұзатын нәрселерден аулақ болуға тырысты. Оның үкіметі Вашингтонның лоббистеріне, имидж қалыптастыру жобаларына миллиондаған қаражат жұмсады”, – делінген жазбада.Басылым АҚШ әкімшілігі мен конгресі Назарбаевқа қалауынша әрекет етуге кең мүмкіндік берді дейді. Жазба авторы Назарбаев Қазақстанның мүддесін қорғауда нағыз шебер болғанын, өз елінің осал географиялық, демографиялық және геосаяси жағдайын жақсы түсінгенін атап өткен. Оның пікірінше, Назарбаев Америка Құрама Штаттарына сырттай дос болып көрінгенімен, ол Вашингтон Қазақстанды қорғайтынына іштей сенбеген. Сондықтан өз елінің егемендігін, гүлденуі мен қауіпсіздігін сақтау үшін шебер саясат жүргізген.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
31.10.2026
17:36
Семейде сот алдында өзін өртеген ер адамның ісі...
31.10.2026
16:27
«Салықтарым қайда кетіп жатыр?»: Танымал актер ...
31.10.2026
15:35
80 жыл бұрын неміс тұтқынында болған әйгілі қаз...
31.10.2026
14:39
Қазақстанда Pin-Up букмекерлік кеңсесінің иелер...
31.10.2026
14:18
«Жаңа адамдар» қозғалысы БҰҰ форумында Каспий м...
31.10.2026
13:42
Шымкентте 4 млрд теңгеден астам алаяқтық жасады...