Назарбаев Зияткерлік мектептері көп заңбұзушылыққа барған
«Назарбаев зияткерлік мектептерінің» жұмысында көптеген заңбұзушылық анықталды, деп хабарлады Қазақстанның Жоғарғы аудиторлық палатасы.
3 жыл ішінде НЗМ 16,4 млрд теңге көлеміндегі қаражатты игермеген. Ал банк шоттарында жыл сайын 27-ден 55 млрд теңгеге дейінгі мөлшерде қаржы қалдықтары жинақталған.
Ұлытау облысының бюджеті көлеміндегі қаражат осы 5 жылдан аз уақыт ішінде Назарбаев Зияткерлік мектептеріне бөлінген. Оның ішінде 22 млрд теңгеден астам қаражат тәжірибені таратуға қаралған. Статистиканы қалай қарасақ та, өкінішке қарай, айтарлықтай өзгеріс жоқ. Оның үстіне бұл тіпті мемлекеттік жоспарлау жүйесі шеңберінде де қамтылмаған, - деді палата төрағасы Әлихан Смайылов.НЗМ өткізген сатып алулар бойынша 10,5 миллиард (22 миллион доллар) теңгенің заңбұзушылығы анықталды. Мысалы, 1 миллиард теңгеден (2,09 миллион доллар) аса сомаға бір көзден сатып алу тәсілін заңсыз қолдану, өтінімдерді негізсіз жіберу немесе қабылдамау және тағы басқа жағдайлар болған. Жалпы мемлекеттік аудит мыналарды анықтады:
- 274,4 млн теңгеге (575,2 мың доллар) қаржылық заңбұзушылық;
- 8,3 млрд теңгеге (17,4 млн доллар) тиімсіз жоспарлау;
- тиімсіз пайдалану – шамамен 6 млрд теңге (12,5 млн доллар).
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
28.10.2026
23:19
Испаниядағы ірі апаттан кейін Қазақстан СІМ мәл...
28.10.2026
22:18
6 жылға сотталған: Путиннен Қазақстанға әскер к...
28.10.2026
22:15
«Біз КСРО-да өмір сүріп жатқан жоқпыз»: Сабина ...
28.10.2026
21:12
Испаниядағы пойыз апатынан қаза тапқандар саны ...
28.10.2026
20:14
Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды
28.10.2026
20:11
«Тоқаев уақытпен жарысып жатыр»: саясаттанушы П...