Неге қазақстандықтар пара тықпалауға құмар?

02.12.2025 10:12 Арман Ермеков
Неге қазақстандықтар пара тықпалауға құмар?
0
76
Фото: gov.kz

Ұлттық қауіпсіздік комитеті 2025 жылғы қараша айындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл нәтижелерін қорытындылады. Бір айдың ішінде ведомство жүз қылмыстық құқық бұзушылықты тіркеп, мемлекет қазынасына қомақты қаржыны қайтарды, деп хабарлайды Politico.kz.

Комитет жариялаған нәтижеге көз жүгіртсек, мәселесін ақшамен шешкісі келетіндер әлдеқайда көп. Тіркелген істердің көш басында – пара беру (33 дерек) тұр:

- 189-бап (сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) – 8;
- 190-бап (алаяқтық) – 15;
- 194-бап (қорқытып алу) – 1;
- 195-бап (алдау немесе сенiмді теріс пайдалану жолымен мүлiктiк залал келтiру) – 1;
- 206-бап (ақпаратты құқыққа сыйымсыз жою немесе түрлендіру) – 1;
- 249-бап (рейдерлiк) – 2;
- 361-бап (лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану) – 11;
- 362-бап (билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану) – 4;
- 364-бап (кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу) – 1;
- 366-бап (пара алу) – 17;
- 367-бап (пара беру) – 33; 
- 368-бап (парақорлыққа делдал болу) – 2;
- 369-бап (қызметтiк жалғандық жасау) – 1;
- 371-бап (салғырттық) – 1;
- 416-бап (дәлелдемелерді және жедел-іздестіру, қарсы барлау материалдарын бұрмалау) – 1;
- 425-бап (тізімдеме жасалған немесе тыйым салынған не тәркiлеуге жататын мүлiкке қатысты заңсыз әрекеттер) – 1.

Тергеу амалдары аяқталған 24 қылмыстық іс сотқа жолданды. Олардың басым бөлігі алаяқтық пен парақорлыққа қатысты:

- 190-бап (алаяқтық) – 10;
- 218-бап (қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе)өзге мүлікті заңдастыру (жылыстату)) - 1;
- 366-бап - (пара алу) - 3;
- 367-бап (пара беру) – 8;
- 385-бап (жалған құжаттарды, мөртабандарды, мөрлердi, бланкілерді, мемлекеттiк пошта төлемі белгілерін, мемлекеттiк наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткiзу) – 2.

Аяқталған істер бойынша бір айдың ішінде қазынаға 409,6 миллион теңге қайтарылған.

Еске салайық, Ұлттық қауіпсіздік комитеті қазан айында 83 қылмыстық істі тіркеген еді.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий