Немересін құтқармақ болған атасы онымен бірге суға батып кетті

Немересін құтқармақ болған атасы онымен бірге суға батып кетті
Фото: Politico.kz/Абзал Бахытжанов

Бестамақ ауылының маңындағы Елек өзенінде 61 жастағы ер адам суға кетіп бара жатқан 17 жастағы немересін құтқарамын деп, онымен бірге көз жұмды, деп хабарлайды Politico.kz «Диапазон» басылымына сілтеме жасап.

19 маусымда бойжеткен өзеннің тайыз тұсынан кешіп өтпек болған кезде абайсызда су астындағы шұңқырға түсіп кетіп, бата бастаған. Бұны көрген атасы немересіне көмектесу үшін бірден суға секіргенімен, оны аман алып қала алмады, ал марқұмдардың денесін судан сол маңдағы оқиға куәгерлері алып шықты.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу