"Несием бар": Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек жалақысы туралы айтты

15.10.2025 20:30
0
72

Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек өз қаржылық жағдайы туралы ашық айтып, кей заттарды және тіпті ұшақ билеттерін де бөліп төлеу арқылы сатып алатынын мәлімдеді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Парламент кулуарында журналистер қойған сұрақтарға жауап берген депутаттың айтуынша, қазіргі уақытта оның 8-9 түрлі бөліп төлеу несиесі бар.

«Мысалы, мен ұшақ билеттерін де бөліп төлеймін. Себебі Алматыға жиі барып, халықпен кездесемін. Кейде жалақыны күтуге тура келеді. Мен кәсіпкер емеспін, қарапайым заңгермін. Бұрынғы тәжірибемді тоқтатып, қазір тек депутаттық айлықпен өмір сүріп отырмын», — деді ол.

Базарбектің сөзінше, кейде айлық кешіксе де, өңірлердегі кездесулерді кейінге қалдырмай, өз қаражаты есебінен баратынын айтты.

«Жұма күні кешке ұшып барып, сенбі күні тұрғындармен кездесемін. Кейде тұрғын үй кешендерінің тұрғындары өздері хабарласып шақырады — ондай жағдайда өз есебімнен баруға тура келеді», — деп түсіндірді депутат.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий