Нұрай Серікбайдың ісі бойынша алғашқы сот отырысының күні белгілі болды
Шымкентте аса қатыгездікпен өлтірілген Нұрай Серікбайдың ісі бойынша алғашқы сот отырысының күні белгіленді, деп хабарлайды Politico.kz.
Бұл туралы марқұмның отбасының адвокаты Аянхан Омаров әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.
Адвокаттың мәліметінше, іс бойынша алдын ала тыңдау сот отырысы 2026 жылғы 21 шілде күні сағат 10:00-де өтеді. Сот отырысы Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында (мекенжайы: Тыныбаев көшесі, 42) өтпек.
Жәбірленуші тараптың мүддесін адвокаттар Аянхан Омаров пен Мұхаммеджан Ахметов қорғайды.
Бұл – Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты қозғалған қылмыстық іс бойынша өтетін алғашқы сот отырысы. Алдын ала тыңдау барысында сот істі негізгі қарауға қабылдау және процестің әрі қарайғы тәртібіне қатысты мәселелерді қарайды.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
28.10.2026
23:19
Испаниядағы ірі апаттан кейін Қазақстан СІМ мәл...
28.10.2026
22:18
6 жылға сотталған: Путиннен Қазақстанға әскер к...
28.10.2026
22:15
«Біз КСРО-да өмір сүріп жатқан жоқпыз»: Сабина ...
28.10.2026
21:12
Испаниядағы пойыз апатынан қаза тапқандар саны ...
28.10.2026
20:14
Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды
28.10.2026
20:11
«Тоқаев уақытпен жарысып жатыр»: саясаттанушы П...