Нұрайдың өліміне қатысты тағы бір қылмыстық іс қозғалды
Шымкентте 21 жастағы Нұрай Серікбайды өлтірді деп айыпталған күдіктіге қатысты “сталкинг” дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Politico.kz Sn.kz-ке сілтеме жасап.
Нұрайдың отбасының адвокаты Аянхан Омаровтың мәліметінше, полиция департаменті күдіктінің үстінен қылмыстық кодекстің “Сталкинг” бабы бойынша қылмыстық іс тіркеген.
Осылайша, күдіктінің үстінен қылмыстық кодекстің бірден үш бабы “Адам өлтіру”, “Неке қиюға мәжбүрлеу”, “Сталкинг” баптары бойынша іс қозғалды.
Алайда жәбірлеунішлердің адвокаты мұндай құқықтық саралаумен келіспейтінін, айыптау бабының қатаңдатылуын талап еткенін мәлімдеді.
“Әлеуметтік желіде тараған Нұрайдың екі фотосына қарай отырып, күдіктінің әрекеттері қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігінің 5-тармағы “Аса қатыгездікпен жасалған адам өлтіру” бойынша саралануы тиіс деп есептеймін. Осыған байланысты тиісті өтінішхат жолдадық және жауап күтіп отырмыз”, – дейді адвокат.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
28.10.2026
23:19
Испаниядағы ірі апаттан кейін Қазақстан СІМ мәл...
28.10.2026
22:18
6 жылға сотталған: Путиннен Қазақстанға әскер к...
28.10.2026
22:15
«Біз КСРО-да өмір сүріп жатқан жоқпыз»: Сабина ...
28.10.2026
21:12
Испаниядағы пойыз апатынан қаза тапқандар саны ...
28.10.2026
20:14
Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды
28.10.2026
20:11
«Тоқаев уақытпен жарысып жатыр»: саясаттанушы П...