Нұрсұлтан Назарбаевтың үшінші әйелінің ағасы ұсталды

22.11.2025 15:14 Айсұлу Мұрат
Нұрсұлтан Назарбаевтың үшінші әйелінің ағасы ұсталды
0
157
kaztag.kz

«Астана ЭКСПО-2017» компаниясындағы 2,2 млрд теңгені жымқыру және парақорлық ісі бойынша бұрынғы кеңесші Айдос Есполов күдікті ретінде өтіп жатыр. Бұл туралы КазТАГ редакциясына дереккөз мәлімдеген, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Дереккөздің мәліметінше, Айдос Есполовқа ірі көлемде қаражатты жымқыру және пара алу фактілері бойынша айып тағылып отыр. Бұған дейін ол ұсталғаны туралы ақпарат тараған болатын.

Айдос Есполов – экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың үшінші әйелі Асель Құрманбаеваның ағасы. Сонымен қатар ол Еуразиялық технологиялық университетінің және «Alatau Asset Management Company» ЖШС-нің құрылтайшысы ретінде белгілі.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий