Нұрсұлтан Назарбаевтың Үшқоңырдағы резиденциясы немересіне берілді

13.01.2026 11:33 Айсұлу Мұрат Айсұлу Мұрат
Нұрсұлтан Назарбаевтың Үшқоңырдағы резиденциясы немересіне берілді
0
185
Азаттық Радиосы

Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Үшқоңырдағы резиденциясы немересі Нұрәли Әлиевтің меншігіне өтті., деп хабарлайды Politico.kz Азаттық Радиосына сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, нысан бұған дейін экс-президентке қарасты қордың меншігінде болған. Резиденция ресми түрде Алматы облысы Қарасай ауданы Шамалған ауылының аумағына кіреді. 

Бірыңғай мемлекеттік жылжымайтын мүлік кадастрының дерегіне сәйкес, сарайдың қазіргі иесі – экс-президенттің жиен немересі Нұрәли Әлиевке қарасты Service Engineering Group деген компания. Жылжымайтын мүліктің Нұрәли Әлиевтің қарамағына қандай шартпен ауысқаны туралы ашық ақпарат жоқ.

Нұрәли Әлиев Forbes есебінше, былтыр Қазақстандағы ең бай адамдар тізімінде 289 миллион доллармен 39-орынға жайғасқан. 2025 жылы ол елдегі байланыс саласындағы ірі активі "Транстелекомды" сатты. 

Жылжымайтын мүліктің Нұрәли Әлиевтің қарамағына қандай шартпен ауысқаны туралы ашық ақпарат жоқ.

Үшқоңыр резиденциясы 2014 жылы салынып, 2016 жылы ресми тіркеуден өткен. Сарайға дейін тас жол төселген, газ бен жарық тартылған. 2016 жылдан 2022 жылға дейін жылжымайтын мүлік Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалдының меншігіне жазылған.

Ал осыдан шамамен үш жыл бұрын түрмеде жатқан Қайрат Сатыбалдының атында тұрған Үшқоңыр резиденциясы экс-президентке сыйға берілгеніні туралы ақпарат тараған еді. 

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий