Нұртас Айдарбеков немерелерімен бірге видеоға түсіп, елдің жүрегін елжіретті

29.12.2025 11:11 Айсұлу Мұрат Айсұлу Мұрат
Нұртас Айдарбеков немерелерімен бірге видеоға түсіп, елдің жүрегін елжіретті
0
69
Фото: ашық дереккөз. Суретте: Нұртас Айдарбеков немерелерімен

Танымал продюсер, әнші Қайрат Нұртастың әкесі Нұртас Айдарбеков немерелерімен бірге түсірілген жылы видеосымен желі қолданушыларының ыстық ықыласына бөленді, деп хабарлайды Politico.kz

родюсер жұбайы Гүлзира Айдарбековамен бірге немерелерін қуантқан сәтін әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған. Бейнежазбада ата мен әженің кішкентай бүлдіршіндерге киім-кеше сыйлап, мейірімге толы көңіл күй сыйлағанын көруге болады.

Жылы атмосфераға толы видео көпшіліктің көңілінен шығып, желі қолданушылары түрлі пікір қалдырды.

«Керемет жандар, немерелерін еркелетіп, қуантып жүрген. Біз де осындай ата-әже болуға тырысамыз»,
«Ата мен әже немерелерін бөліп-жармай, бәріне бірдей махаббат сыйлап жүр»,
«Атасы мен апасы ұзақ ғұмыр сүрсін»,
«Немерелерінің қызығын көріп, бай-қуатты болыңыздар» деп жазды оқырмандар.

Көпшілік Нұртас Айдарбековтің немерелерімен етене араласып, заманауи форматта видеоға түсуін де ерекше атап өтті. Жылы қарым-қатынас пен отбасылық құндылықтарды дәріптеген бұл бейне көпшілікке үлгі болғаны анық.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий