Нью-Йоркте тікұшақ құлап бір отбасы қаза тапты
1021
Нью-Йоркте тікұшақ апатынан Siemens Испания бөлімшесінің басшысы мен оның отбасы қаза тапты
Нью-Йоркте Гудзон өзеніне құлаған тікұшақ апатынан Siemens компаниясының Испаниядағы бөлімшесінің басшысы Агустин Эскобар мен оның отбасы қаза тапты, деп хабарлайды POLITICO.KZ New York Post басылымына сілтеме жасап.
Оқиға ондаған куәгердің көз алдында болған. Әуеде келе жатқан тікұшақ кенеттен бөлшектене бастап, өзенге құлап кеткен. Оқиға орнынан түсірілген видео әлеуметтік желілерде тарады.
Құтқарушылар бірден көмекке ұмтылғанымен, ешкімді аман алып қалу мүмкін болмады. Кейін қаза тапқандардың арасында Агустин Эскобар, оның жұбайы және үш баласы бар екені анықталды. Тікұшақтың пилоты да апат салдарынан қаза тапты.

Белгілі болғандай, әуе көлігі жергілікті туристік фирмаға тиесілі болған. Экскурсиялық ұшар алдында компания бақытты отбасының суретін жариялаған, бұл олардың соңғы фотосы болды.
Қазіргі уақытта апаттың себебі анықталып жатыр.
Соңғы жаңалықтар
13.09.2026
15:14
Шетелдік блогермен видеоға түскен екі полиция қ...
13.09.2026
14:12
Головкин халықаралық спортта жоғары қызметке кө...
13.09.2026
13:15
Тоқаев Үндістанда Путиннің арнайы шақыруын алды
13.09.2026
12:06
Зеленскийден күтпеген мәлімдеме: Путинмен кезде...
13.09.2026
11:17
«Бүкіл Қазақстан сізбен мақтанады»: Тоқаев Елен...
13.09.2026
10:14
Астанада әйел мен бала қаза тапты: Оқиғаға қаты...