"Өкініш биледі". Танымал әзілкеш ұлына қатысты өкінішін айтты

видеодан скриншот

«Әйгерім Сейфолланың сырласуы» бағдарламасына қатысқан белгілі актер, әзілкеш бала тәрбиесіне қатысты өз ойымен бөлісті. Ол шетелге оқуға аттандырған ұлы туралы айтып, ата-аналық өкінішін жеткізді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

«Баламды Америкаға ұшырып, шығарып салған кезде кеудеме өксік толып, мені өкініш биледі. Шешесі екеуіміз далада бақырып жылап жүрміз. Сонда бала бүлінеді-ау, шалыс басады-ау деген қорқыныш болған жоқ. Ер бала болғаннан кейін өмірге өзі бейімделуі керек қой... Бірақ ең маңыздысы – оның маған деген көңілі тоқ болып, сенімді кетіп бара жатқаны ма? Міне, мәселе осында. Ойланып отырсам, әкесі бола тұра баламмен бірге өткізген сәттерім есіме түспейді екен. Бала қайда барады?!» – деді ол.

Әзілкеш осы оқиғадан кейін бірден әлеуметтік желіде өз ойын бөліскенін де айтты.

«Сол кезде «өкініп қалмаңыздар» деген едім. Біз әке тәрбиесі дегенде нақыл сөз айтып, бағыт-бағдар беру керек деп ойлаймыз. Жоқ, балаңмен ойнаудың өзі жеткілікті. Ешқандай тәрбие бермей-ақ, тек уақыт бөлші», – деді әртіс.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу