«Ол кісінің жалғыздығын сездім»: Тамара Асар Назарбаев туралы айтты
2696
Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Тамара Асар 2018 жылы бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың әйелдер қауымы өкілдерімен өткізген "Көктем шуағы" атты кездесуінде неге жылап қалғанын түсіндірді. Өнер иесі саясаткердің көзінен жалғыздықты сезінгенін жасырмады, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.
Тамара Асар экс-президентпен кездесуі туралы "Din Dina Show" бағдарламасында айтып берді. Сөзінше, Нұрсұлтан Назарбаев ана туралы өлең оқығанда көз жасына ерік берген. Мұны көрген өнер иесі де өзін ұстай алмай, жылап қалғанын жеткізді.
"Анамды қатты жақсы көремін. Анаммен сырлас адаммын. Маған тұжырымдап сөз айтып, тоқтататын – анам. Әкем қатты еркелетсе, шешем тоқтатады. 2018 жылы жылағанымның себебін айтайын. Мен ол кісінің (Нұрсұлтан Назарбаев – ред.) жалғыздығын сездім. Бірінші біз емес, ол жылады. Оның жылағанын қиып тастайды да, бізді шығарады. Ол кісі ана туралы айтып отырғанда көзінің жасы тоқтамай аққанда біз де жылап қалдық. Ана туралы аңызға егіліп жыламайсың ғой. Ол кісінің жалғыздығы көрініп тұрды", - деді Тамара Асар.
Соңғы жаңалықтар
27.04.2026
20:28
Тоқаев пен Герцог: Астана мен Иерусалим арасынд...
27.04.2026
17:20
"Қыз мұраты кету": Жақында Мирас пен Құралайдың...
27.04.2026
16:50
Ерболат Жанәбілов пен әйеліне сот үкімі шықты
27.04.2026
16:21
Жанәбіловтер ісінде күтпеген оқиға болды: проку...
27.04.2026
16:03
Танымал қазақстандық әнші құмар ойынға салынған...
27.04.2026
16:02
Алматыда көшелердің біріне Мұхтар Шахановтың ат...