"Ол пікірді мен жазған жоқпын": Нұрсұлтан Жақсыген бұрынғы әйелімен арадағы сот дауына қатысты пікір білдірді

25.08.2026 15:40 Мөлдір ҚАЙНАР
86
Фото: ашық дереккөз

Әзілкеш әрі актер Нұрсұлтан Жақсыген журналист Руслан Өтепбайға сұхбат беріп, бұрынғы жұбайымен арадағы дауға байланысты алғаш рет жауап қатты, деп хабарлайды Politico.kz.

Қазір Алматы облысы Қарасай аудандық сотында актерге қатысты онлайн-платформаларды пайдаланып көрінеу жалған ақпарат таратты деген бап бойынша қылмыстық іс қаралып жатыр. Бұған дейін оның бұрынғы жұбайы Фариза Сабыралиева желіде ар-намысына нұқсан келтіретін мәліметтер тарағанын айтып, шағымданған болатын.

Актер даулы жазбалардың өзіне қатысы жоқ екенін, олардың фейк парақшалар арқылы жазылғанын алға тартты.

"Сот сараптама жүргізіп жатыр. Қазір менің атымнан көптеген жалған парақша ашылған. «Бодимассаж жасайды» деген пікірді мен жазған жоқпын, ол жалған. Мен тек балаларды көрсет деген сынды пікірлер қалдырдым", – деді актер.

Сондай-ақ ол журналистің сот кінәлі деп таныса не істейтіні туралы сұрағына: "Әділ шешім емес деп есептеймін", – деп жауап берді.

Қазіргі уақытта үйқамақта отырған өнер иесінің кінәсі дәлелденсе, ол 3 мың АЕК-ке дейін айыппұл арқалауы немесе 3 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Түпкілікті шешімді сот шығарады.

Войдите, чтобы оставить комментарий