Өлі денесін зорлаған: Түркістан облысында 11-сынып оқушысына үкім шықты
Түркістан облысында 11‑сынып оқушысы 26 жастағы Диана Оңғарбаеваны өлтіргені үшін кінәлі деп танылып, оған қатысты сот үкімі жарияланды, деп хабарлайды POLITICO.KZ Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
Бүгін ауданаралық мамандандырылған сотта жасөспірімге қатысты үкім шығарылды. Ол қылмысы үшін жеті жыл алты айға дейінгі мерзімге кәмелетке толмағандар колониясында жазасын өтейтін болады.
Айта кетейік, 26 жастағы Диана Оңғарбаева 2025 жылғы 21 шілдеде Шымкентте жоғалып кеткен еді. Оның мәйіті 10 күннен кейін қоқыс шығару алаңынан табылды. Қылмыстық іс қозғалып, күдікті ұсталды. Ол – қалаға жұмысқа келген мектеп оқушысы.
Тергеу мәліметтері бойынша, күдікті әйелді әлеуметтік желі арқылы тауып, ол келісім бойынша пәтерлерді жинауға келген. Жұмыс аяқталған соң, күдікті 26 жеріне пышақ сұғып, зорлаған, денесін қара полиэтилен пакетке орап, қоқыс жәшігіне тастап кеткен.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
28.10.2026
21:12
Испаниядағы пойыз апатынан қаза тапқандар саны ...
28.10.2026
20:14
Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды
28.10.2026
20:11
«Тоқаев уақытпен жарысып жатыр»: саясаттанушы П...
28.10.2026
19:49
Қайрат Мақсұтов «Самұрық-Энерго» басқарма төрағ...
28.10.2026
19:28
Маңғыстау облыстық полиция департаментіне жаңа ...
28.10.2026
19:21
Айбар Олжаев Тоқаевтың Жолдауындағы құрылыс бас...