Олжас Бектенов былтырғы құрғақшылық туралы: Зардаптардың алдын алуға болатын еді
Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында оңтүстік өңірлердегі құрғақшылық циклінің зардабын ылғал көп қажет етпейтін дақылдардың алқабын кеңейту арқылы азайтуға болатынын айтты.
Сондай-ақ, ол әкімдіктердің жоғары жаққа беретін жалған мәліметтері саладағы проблемаларды шиеленістіріп жатқанын атап өтті.«Естеріңізде шығар, өткен жылғы қолайсыз ауа райы астықтың сапасы мен көлеміне айтарлықтай кесірін тигізген болатын. Көптеген зардаптардың алдын алып, оның салдарын барынша азайтуға болатын еді. Құрғақшылыққа төзімді сорттар бар», - деді Үкімет басшысы.
«Егіс алқаптарының құрылымынан дәнді-дақылдарды әртараптандыру қарқыны төмен екенін байқауға болады. Әкімдіктердің тарапынан бұл бағытта белсенді жұмыс көрінбейді. Диқандар өңірлердің нақты жоспарлары мен салалық министрліктің міндеттерінен бейхабар. Оның үстіне, егіншілердің арасында суды көп қажет ететін дақылдардың егіс алқаптарын әдейі азайтып көрсету фактілері де кездеседі. Бұл су тапшылығына байланысты қалыптасып отырған күрделі ахуалды одан сайын қиындатып жібереді», - деді Премьер-министр.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
28.10.2026
22:18
6 жылға сотталған: Путиннен Қазақстанға әскер к...
28.10.2026
22:15
«Біз КСРО-да өмір сүріп жатқан жоқпыз»: Сабина ...
28.10.2026
21:12
Испаниядағы пойыз апатынан қаза тапқандар саны ...
28.10.2026
20:14
Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды
28.10.2026
20:11
«Тоқаев уақытпен жарысып жатыр»: саясаттанушы П...
28.10.2026
19:49
Қайрат Мақсұтов «Самұрық-Энерго» басқарма төрағ...