Олжас Бектенов егін жинау науқанын ерекше бақылауда ұстауды тапсырды
3293
Үкімет басшысы Олжас Бектенов егін жинау науқанына дайындық мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Жиында Ауыл шаруашылығы министрі, Экология және табиғи ресурстар, Энергетика вице-министрлері, сондай-ақ Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарының әкімдері тыңдалды, деп хабарлады politico.kz.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет биылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге 580 млрд теңге көлемінде рекордтық қаражат бөлді. Ауыл шаруашылығы техникасын лизингке сатып алуға бағытталған сома 5 есе ұлғайтылды. Мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау шараларын кеңейту шаруаларға егіс науқанын сәтті өткізуге мүмкіндік берді.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда жаппай егін жинау жұмыстары тамыздың үшінші онкүндігінде басталады. Бүгінде ауыл шаруашылығы техникасының дайындығы 98%-ды қамтып отыр. Барлығы 149 мыңнан аса трактор, 38 мың астық жинайтын комбайн және 14 мың дестелегіш тартылатын болады.
Үкімет басшысы вице-премьер Серік Жұманғариннің басшылығымен тиісті министрліктер, әкімдіктер мен шаруалар арасындағы жұмысты үйлестіру мен бақылау үшін егін жинау науқанын өткізу жөніндегі жедел штаб құруды тапсырды.
Егінді сапалы жинап алу және сақтау еліміз үшін ерекше маңызға ие. Туындайтын барлық мәселені күнделікті пысықтау қажет. Бұл тек министрліктерге ғана емес, әкімдіктер мен фермерлердің өздеріне де қатысты. Ауыл шаруашылығы министрлігіне облыстардың әкімдіктерімен бірлесіп, егін жинау жұмыстарын ерекше бақылауда ұстауды тапсырамын. Дәнді дақылдарды сақтаудың тиісті жағдайын қамтамасыз ету де маңызды, - деді Олжас Бектенов.Материалдың толық нұсқасы мына сілтемеде. Фото: primeminister.kz
Соңғы жаңалықтар
24.08.2026
11:41
"Шын сүйсек, неге өлердей жек көреміз?": Азамат...
24.08.2026
10:41
Құрылтай сайлауының алдын ала қорытындысы белгі...
24.08.2026
10:39
"Керіліп жатып жұмсау бұйырсын": Тойда келінге ...
24.08.2026
10:31
Ұлытау облысы экономикалық индикатордың өсу қар...
24.08.2026
10:09
Тоқаев әлем біріншілігінде 11 медаль ұтқан дзю...
24.08.2026
09:49
"Демалсын, олар да адам": Демалып отырған тазал...