“Өмір қысқа…” Елімізге белгілі заңгердің отбасысы қара жамылды
Танымал заңгер Мейірман Шекеев әлеуметтік желідегі парақшасында ағасының мезгілсіз қайтыс болуына байланысты көңіл айтып, қолдау білдірген барлық азаматтарға алғыс айтты, деп хабарлайды Politico.kz.
Заңгердің айтуынша, уақыттың тығыздығына байланысты әр адамға жеке-жеке жауап беруге мүмкіндік болмаған. Сондықтан ол арнайы бейнежазба жариялап, қайғысына ортақтасқан жандарға ризашылығын жеткізді.
«Өмір – өтер бір күні. Бүгін бармыз, ертең не боларын ешкім білмейді. Уақыттың тығыздығына байланысты туған ағамның мезгілсіз қайтыс болуына байланысты көңіл айтқан жандарға жеке-жеке рақмет айта алмадым. Кешірім сұраймын. Сондықтан осы бейнежазба арқылы маған қолдау білдіріп, қайғыма ортақтасқан баршаңызға алғысымды білдіремін», – деді ол.
Мейірман Шекеев мұндай ауыр сәттерде адам жақындарының қадірін тереңірек түсінетінін атап өтті. Оның сөзінше, өмір қысқа болғандықтан, адамдар бір-біріне көбірек көңіл бөліп, сыйластықта өмір сүруі керек.
Сонымен қатар заңгер қиын сәтте арнайы келіп, қолдау көрсеткен туған-туыстарына, достарына, әріптестеріне және оқырмандарына ерекше алғыс білдірді.
Соңғы жаңалықтар