«Өмірім тоқтауы мүмкін»: 161 келі болған Рамазан Амантай мәлімдеме жасады
Актер, ақын Рамазан Амантай өмір салтын өзгертіп, артық салмақ тастауға бел буғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Politico.kz
Оның айтуынша, ол дәрігерлерге қаралып, толық терсеруден өткенде денсаулығы 36 жасқа дейін ғана жететіні анықталған.
«Мен өзгеремін деп шештім. Маған үлкен қолдауларыңыз керек. Аллаһ қаласа арық Рамазан болу жолына бірге жетеміз. Оңай болмайын деп тұр… «АРЫҚТА» деп жазып жүрген жанашыр жандар, мені қолдайтын уақыттарыңыз келді деп ойлаймын.
Күнделікті процессті салып отырамын
Егер дәл осы сәттен бастап өзімді қолға алмасам, 36 жасымда өмірім тоқтауы мүмкін. Болды, шегінерге мүлде жол жоқ. Уәде берейін не бермейін, оның маңызы жоқ. «Алдында да бастадың, тағы тастайсың» десеңіздер де өз еріктеріңізде. Менде басқа амал жоқ», – деп жазды ол.
Қазір актердің салмағы 161 келі.
«Дәрігерлерге қаралдым, толық тексерістен өттім, аппараттық тексерулерден өттім. Нәтижесін көргенде егер бүгін өзімді қолға алмасам, денсаулығым 36 жасқа дейін ғана жетеді екен. Әрине, бәрі бір Аллаға аян. Өмірді де беретін Алла, бірақ сақтанғанды сақтайды. Денсаулық – Құдайдың аманаты, сол үшін нар тәуекел. Өздеріңізге қарап жүріңіздер. Салмақты қалай жинап алғанымды өзім де білмей қалдым. Жинау оңай, ал тастау өте қиын. Жайылмаңыздар», – деп жазды ол.
Соңғы жаңалықтар