«Оны өз анамдай көремін деген ниетпен бардым»: Мөлдір Мұқан енесі туралы шындықты айтты (ВИДЕО)
Танымал продюсер Мөлдір Мұқанова күйеуі Тұрсынбек Қабатовтың анасымен арақатынасы туралы айтты, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Өнер иесінің айтуынша, ол әрдайым енесімен жылы қатынаста болып, өзара сыйластықты бірінші орынға қояды.
«Мен келін болып күткен күннен бастап өз-өзіме сөз берген болатынмын. Ене мен келіннің ортасында кикілжің дүние менде болмайды дедім. Сондай таза пейілмен, таза көңілмен ақ босаға аттадым. Енемді өз анамдай көремін деп сондай таза ниетпен бардым. Әлі күнге дейін қарым-қатынасымыз жақсы. Ешқашан арамызда түсініспеушілік болмаған. Бірге тұруға қарсы болмағанмын. Бірақ бірге тұрған жоқпыз. Себебі ол кісілер ауылда, біз қалада тұрмыз», - деді Мөлдір Мұқан.
Желі қолданушылары Мөлдірге қолдау білдіріп: «Нағыз қазақ келіні», «Осындай түсіністік көпке үлгі» деген жылы пікірлер қалдырды.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
28.10.2026
22:18
6 жылға сотталған: Путиннен Қазақстанға әскер к...
28.10.2026
22:15
«Біз КСРО-да өмір сүріп жатқан жоқпыз»: Сабина ...
28.10.2026
21:12
Испаниядағы пойыз апатынан қаза тапқандар саны ...
28.10.2026
20:14
Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды
28.10.2026
20:11
«Тоқаев уақытпен жарысып жатыр»: саясаттанушы П...
28.10.2026
19:49
Қайрат Мақсұтов «Самұрық-Энерго» басқарма төрағ...