Оқушы қыз ағасынан бала босанып, сәбиді лақтыра салған

Оқушы қыз ағасынан бала босанып, сәбиді лақтыра салған
16.09.2025 13:03
0
261
Shutterstock

Мектеп оқушысы өз ағасынан бала туып, нәрестені дәретхана суын төгетін ыдысқа тастай салған.

Үндістандық қыз өзінің немере ағасынан бірнеше рет зорлық-зомбылық көргеннен кейін бала туды. Бұл туралы Times of India басылымы хабарлайды.

Басылым мәліметтері бойынша, жас жігіт отбасына қонаққа келген. Ол алғаш рет 15 жастағы туысына ата-анасы басқа қалаға кеткен кезде зорлық көрсеткен. Осыдан кейін мектеп оқушысы сегіз ай бойы зорлық-зомбылыққа ұшыраған.

Көп ұзамай қыз жүкті болып қалады. Зардап шеккен қыз отбасылық мереке кезінде дәретханаға барғанда күтпеген жерден бала туған. Кейін нәресте дәретхана су төгетін ыдысынан табылды, бірақ оны құтқару мүмкін болмады.

Осы оқиғадан кейін полиция тергеу жұмыстарын бастады және жаңа туған нәрестенің анасы мектеп оқушысы екенін анықтаған соң, оның ата-анасына хабарласты. 

Ата-анасы полицияға зорлау туралы арыз түсірді. Олар қыздарының жүкті екенінен хабарсыз болғандарын мәлімдеді.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий