Оралда мектеп оқушыларынан ақша бопсалаған қыздар ұсталды
Колледж студенттерінен ақша талап еткен күдіктілер қамауға алынды
Оралдық екі тұрғынға қатысты бірнеше қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Полиция мәліметі бойынша, күдіктілер өткен жылдың қазан айында колледж студентінен 40 мың теңгені мәжбүрлі түрде шотынан аудартып алған. Сондай-ақ, олар мектеп оқушылары мен колледж студенттерінен ақша бопсалап, заттарын ұрлаған.
Тергеу барысында күдіктілердің басқа да ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда.
«Қазіргі уақытта күдіктілер қамауға алынып, тергеу изоляторына орналастырылды. Оларға қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде», – деп хабарлады полиция департаменті.
Жергілікті билік пен құқық қорғау органдары ата-аналар мен мұғалімдерді балалардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударуға шақырып отыр.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
28.10.2026
22:18
6 жылға сотталған: Путиннен Қазақстанға әскер к...
28.10.2026
22:15
«Біз КСРО-да өмір сүріп жатқан жоқпыз»: Сабина ...
28.10.2026
21:12
Испаниядағы пойыз апатынан қаза тапқандар саны ...
28.10.2026
20:14
Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды
28.10.2026
20:11
«Тоқаев уақытпен жарысып жатыр»: саясаттанушы П...
28.10.2026
19:49
Қайрат Мақсұтов «Самұрық-Энерго» басқарма төрағ...