Оралда қоқыс жәшігінен жаңа туған сәбидің денесі табылды

Оралда қоқыс жәшігінен жаңа туған сәбидің денесі табылды
Фото: Видеодан кадр

Оралда қоқыс жәшігінен нәрестенің мәйіті табылды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Оқиға бүгін, 14 тамыз күні Зачаганск кентіндегі Бірлік көшесінде болған. Сол маңнан өтіп бара жатқан тұрғындар жаңа туған сәбидің мәйітін тауып алған.

Оқиға орнына полиция келіп, тексеру жұмыстарын жүргізді. 

Сәбидің анасын анықтау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүруде. Қазір қажет сот-медициналық сараптамалар тағайындалған.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу