Оралда жүргізуші полицейлерге өздеріне айыппұл салдырды
Оралда жүргізуші полицейлердің заң бұзғанын дәлелдеп, айыппұл салдырды
Оралда жүргізуші патрульдік көліктің техникалық ақауын анықтап, полицейлерді өз әріптестеріне айыппұл салуға мәжбүр етті, деп хабарлайды POLITICO.KZ, Криминальный Казахстан арнасына сілтеме жасап.
Полицейлер азаматтың көлігін тоқтатып, алдыңғы әйнектегі жарық үшін айыппұл рәсімдемек болған. Алайда жүргізуші патрульдік көліктің де дәл сондай ақауы бар екенін байқап, дереу басқа полиция жасағын шақырды.
Нәтижесінде, оқиға орнында үш көлік жиналды: жүргізушінің жеке автокөлігі, айыппұл рәсімдеуге тырысқан патрульдік көлік және тексеру жүргізуге келген қосымша полиция жасағы.
Тексеру барысында патрульдік көліктің техникалық талаптарға сәйкес еместігі расталды. Полицейлерге хаттама толтырылып, көлік арнайы базаға жөнелтілді.
БҚО полиция департаменті оқиғаны растады. Тәртіп сақшыларының өздері де заң бұзғаны анықталып, тиісті шаралар қабылданғанын мәлімдеді.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
28.10.2026
22:18
6 жылға сотталған: Путиннен Қазақстанға әскер к...
28.10.2026
22:15
«Біз КСРО-да өмір сүріп жатқан жоқпыз»: Сабина ...
28.10.2026
21:12
Испаниядағы пойыз апатынан қаза тапқандар саны ...
28.10.2026
20:14
Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды
28.10.2026
20:11
«Тоқаев уақытпен жарысып жатыр»: саясаттанушы П...
28.10.2026
19:49
Қайрат Мақсұтов «Самұрық-Энерго» басқарма төрағ...