"Орынсыз әзіл ме?": Қайрат Әділгерейдің жұбайы жариялаған видео сынға қалды
Танымал әзілкеш әрі актер Қайрат Әділгерейдің жұбайы Бақыт Тұрман әлеуметтік желіге жүктеген кезекті қалжың видеосы үшін сынға қалды, деп хабарлайды Politico.kz
Бақыт Тұрман өз парақшасында пранк форматындағы видео жариялаған. Кадрлардан оның аяғына жаққан майды жұбайының бетіне жағып жатқан сәтін көруге болады. Алайда бұл әзіл желі қолданушыларының көңілінен шықпаған. Көпшілік видеоны орынсыз деп бағалап, ер мен әйел арасындағы шекара мен сыйластық тақырыбын көтерді.
Пікір қалдырғандар:
«Барлығы күліп жатыр, бірақ мұның несі күлкілі? Аяқпен сипаған қолмен ер азаматының бетіне қол тигізуді елге көрсету дұрыс па?», «Бұл әрекет ұят болды, ер адамның қадірін кетіргендей әсер қалдырды», «Әйелін мәдениетті жан деп ойлаушы едім», – деп жазды.
Желіде тараған видео жұртшылық арасында қызу талқыға түсіп, әзілдің де өз шегі болуы керек деген пікірлердің көбеюіне себеп болды.
Соңғы жаңалықтар