Қошанов Ресейге сапары барысында әріптестерімен не туралы сөйлескенін айтты
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Мәскеуде Ресей парламентінің өкілдерімен қандай мәселелерді талқылағанын айтты
Ресей мемлекеттік думасының депутаттары кейде Қазақстанның аумақтық тұтастығы, мемлекеттілігі мен тарихы туралы мәлімдеме жасап тұрады.
Осыған байланысты журналистер жуырда көрші елге барып келген Ерлан Қошановтан ресейлік әріптестерімен кездесуде осы мәселе көтерілді ме деп сұрады.
"Біз бұл тақырып төңірегінде әңгімелестік. Федерация кеңесінің төрағасы Валентина Матвиенкомен сөйлестік. Екіжақты жұмыс жүргіземіз деп шештік", - деп қысқа қайырды ол мәжіліс кулуарында.
Естеріңізге сала кетейік, парламент мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов Ресей Федерациясына ресми сапармен барды. 4-5 наурыз күндері ол Мәскеу және Қазан қалаларында бірқатар кездесу өткізді.
Мәжіліс спикері Мәскеуде Ресей Федералдық жиналысы Мемлекеттік думасының төрағасы Вячеслав Володинмен және Ресей Федералдық жиналысы Федерация кеңесінің төрағасы Валентина Матвиенкомен кездесті.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
28.10.2026
22:18
6 жылға сотталған: Путиннен Қазақстанға әскер к...
28.10.2026
22:15
«Біз КСРО-да өмір сүріп жатқан жоқпыз»: Сабина ...
28.10.2026
21:12
Испаниядағы пойыз апатынан қаза тапқандар саны ...
28.10.2026
20:14
Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды
28.10.2026
20:11
«Тоқаев уақытпен жарысып жатыр»: саясаттанушы П...
28.10.2026
19:49
Қайрат Мақсұтов «Самұрық-Энерго» басқарма төрағ...