Өскеменде қосымша табыс табамын деген жасөспірім қолынан айырылды
Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласында құрылыс материалдарын шығаратын кәсіпорінде жұмыс істеген жасөспірім ауыр өндірістік жарақат алып, бір қолынан айырылды, деп хабарлайды Politico.kz.
Алдын ала мәлімет бойынша, жасөспірім аталған кәсіпорында ресми еңбек шартысыз жұмыс істеген. Сондай-ақ оған еңбек қауіпсіздігі бойынша нұсқама жүргізілмегені анықталған.
Оқиғаға байланысты Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті арнайы комиссия құрып, мән-жайды жан-жақты тексеруге кірісті.
Ведомство өкілдерінің мәліметінше, оқиғаның себептері мен жұмыс берушінің еңбек заңнамасын сақтау талаптары тергеу барысында анықталады.
Ал облыстық полиция департаменті аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 156-бабының 2-бөлігі («Еңбекті қорғау қағидаларын бұзу, абайсызда адамның денсаулығына ауыр зиян келтіру») бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатқанын хабарлады.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
29.10.2026
14:19
TikTok-та «өнер» көрсеткен екінші адам да жазас...
29.10.2026
14:15
«Екі жарты бір бүтін»: Меруерт Түсіпбаева таным...
29.10.2026
14:01
Бектенов Мақсұтовтың неге кеткенін түсіндірді
29.10.2026
13:30
Атырауда қазандықта жарылыс болды (ВИДЕО)
29.10.2026
13:08
«Қолын қайырып алып кетті»: Павлодарда қайта са...
29.10.2026
13:03
«9 жыл бұрын екі жаққа кеткенбіз»: Олжас Абай б...