Өскеменде жаяу жүргіншілер көпірі опырылып түсті: зардап шеккендер бар
Өскеменде жаяу жүргіншілер көпірі опырылып түсті, деп хабарлайды Politico.kz.
Қала әкімдігінің мәліметінше, оқиға 7 мамыр күні сағат 20:30 шамасында Карбышев көшесіндегі аспалы жаяу жүргіншілер көпірінде болған. Оқыс жағдай кезінде көпірде сегіз адам болған, оның ішінде төртеуі – кәмелетке толмаған.
«Оқиға орнына жедел әрекет ету қызметтері мен жедел жәрдем бригадасы шұғыл жетті. Зардап шеккендерді дәрігерлер қарап шықты, ауыр жарақаттар тіркелген жоқ, жеңіл сырылулар мен соғылулар бар», - деп хабарлады қала әкімдігі.
Алдын ала ақпарат бойынша, кәмелетке толмаған балалар көпір конструкциясын тербеткен, соның салдарынан көпір төсемесі зақымдалған.
Қазіргі уақытта көпір жабық.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
28.10.2026
22:18
6 жылға сотталған: Путиннен Қазақстанға әскер к...
28.10.2026
22:15
«Біз КСРО-да өмір сүріп жатқан жоқпыз»: Сабина ...
28.10.2026
21:12
Испаниядағы пойыз апатынан қаза тапқандар саны ...
28.10.2026
20:14
Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды
28.10.2026
20:11
«Тоқаев уақытпен жарысып жатыр»: саясаттанушы П...
28.10.2026
19:49
Қайрат Мақсұтов «Самұрық-Энерго» басқарма төрағ...